Елорданың 200 учаскелік инспекторы қала тұрғындарына есеп береді

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астана қалалық ішкі істер департаментінің «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандарында қызмет атқаратын 200  учаскелік полиция инспекторы қазанның 10-нан желтоқсанның 10-на дейінгі аралықта халық алдында атқарған жұмыстары туралы және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша есеп береді,

Елорданың 200 учаскелік инспекторы қала тұрғындарына есеп береді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бүгін Астана қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында «кездесуге тұрғылықты қала халқымен қатар, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының,  азаматтық-қоғамдық институттардың, әкімдіктердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдерімен қатар мәслихат депутаттары да  шақырылып отыр. Бүгінде үш аудан бойынша учаскелік инспекторлардың тұрғындармен өткізетін кездесу кестесі жасалды», деді тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін қаладағы № 8,10,11 полиция бөлімшелерінде қала халқымен кездесулер өткізілген. Ал бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сол маңның тұрғындарымен кездесу өткізу жоспарланған.