Елорданың 25 жылдығына орай дрон-шоу өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бұрын болмаған дрондар шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара 6 шілде күні «Қазақ Елі» алаңында, Тәуелсіздік даңғылында, сағат 22:30-да басталды.

Түрлі-түсті фигураларды құрайтын дрондар түнгі аспанды ерекше күйге бөледі.
Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған, түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары және басқалар көрсетілді.
Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылып, оған 500 дрон қатысты.

Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.



Соңғы жаңалықтар
telegram