Елорданың 35 мыңға тарта тұрғыны әлеуметтік-психологиялық көмек алды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы ең көп тараған әрі қауіпті, соның ішінде психика денсаулығына байланысты аурулардың санын азайтуға бағытталған алдын алу іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Елорданың 35 мыңға тарта тұрғыны әлеуметтік-психологиялық көмек алды

Елорда ресми сайтының хабарлауынша,  Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 34 703 елорда тұрғыны әлеуметтік-психологиялық көмек алды. Олардың - 1481-і әлеуметтік әлжуаз отбасындағы, 1333-і - тұрмысы төмен және кедей отбасындағы, 1133-і - көпбалалы және толық емес отбасындағы адамдар.

Дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер ағзаларының қызметі тұрақты бұзылған 1111 ересек пен 550 баланы, алғашқы медициналық-санитарлық және шұғыл медициналық көмекті жиі қажет ететін (айына 3 реттен артық) 796 пациентті қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, аталған кезеңде өздігінен дәрменсіз 2 058 пациентке медициналық көмек көрсетілді. Олар - жүйке жүйесінің қызметі бұзылғандар (338), онкологиялық аурумен ауыратындар (300), тұрмыстық-зорлық-зомбылыққа ұшырағандар (26), маргиналдық топтағылар (150), мінез-құлқы бұзылған адамдар (6), оның ішінде өзіне-өзі қол салуға икемділер.

Сонымен қатар, №4 және №7 қалалық емхананың көшпелі медициналық кешені қала маңы, базарлар мен жағдайы нашар аудандардың тұрғындарын тұрақты түрде жалпы бақылаудан өткізіп тұрады. Бірінші жартыжылдықта мамандар 7 476 адамды медициналық тексеруден өткізіп, 4 020 адамнан түрлі ауруды анықтады.