Елорданың 47 мектебінде роботтехника сыныбы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы 47 мектепке роботтехника сыныптары ашылып, оған бюджеттен 183 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елорданың 47 мектебінде роботтехника сыныбы ашылды

Қалалық білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, жыл соңына дейін қаладағы тағы 37 мектепте робот техникасын үйрететін сыныптар ашылып, оған қажетті құрал-жабдықтар алынады деп жоспарлануда. Роботтехника негізгі пән емес, қосымша пән ретінде өткізіледі. Барлық мектептерде факультатив ретінде өтетіндіктен оқушылар оған өз еркімен қатысатын болады.

Роботтехника пәндерін информатика пәнінің мұғалімдері өткізетін болады. Олардың барлығы Назарбаев университетінде арнайы оқыту курстарынан өтті.

Роботтехника пәнінің сыныптары орта есеппен 8-10 оқушыға арналып жабдықталған. Әзірге бір аптада 2-4 рет өткізілу жоспарланған. Қосымша пәнге оқушылар тарапынан қызығушылық артса сағат санын көбейтіледі.