Елорданың 82 мектебі ағымдағы оқу жылында шәкірттерді қабылдауға дайын
ТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың 82 мектебі ағымдағы оқу жылында шәкірттерді қабылдауға дайын.
Бұл туралы бүгін «Мектепке жол» атты дәстүрлі шараның басталуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында Астана қалалық білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина айтты.
«Астанада балалардың тегін орта білім алу конституциялық құқығын жүзеге асыруға жағдай жасалған. Қазіргі уақытта қалада 68 мемлекеттік, 13 жеке және 1 кешкі мектеп жұмыс істейді, яғни 82 білім ошағы жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға дайын», - деді ол.
Оның атап өтуінше, өткен оқу жылының соңында жалпы білім беру мектептерінің оқушылар саны 73 416 адамға жеткен. Олардың 71 039-ы мелекеттік, ал 2377-сі жеке меншік мектептерде білім алуда.
«Ағымдағы жылы біз сол жағалауда орналасқан № 66 және Тілендиев көшесінің бойындағы № 67 мектептерді пайдалануға бердік. Сонымен қатар 1 қыркүйекте Көктал-2 ауылындағы мектеп ашылады», - деді Ә.Бимендина.