Елорданың 9 наубайханасы бәсекелестікті қорғау туралы заңды бұзу күдігіне ілікті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті бірінші сұрыпты ұннан бөлке нанды көтерме сатушыларға қатысты тергеу амалдарын бастады.
Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Таратылған ақпаратқа қарағанда, департамент 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 1-ші сұрыпты ұннан пісірілген бөлке нанды көтерме сату нарығына сараптама жасау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 9 субъектінің қызметінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері байқалды.
Осыған байланысты департамент «Карунд» ЖШС, «Калиев А.Б.» ЖК, «Сапа нан» ЖШС, «ЛИА» ЖШС, «Аделина» ЖК, «Штейн» ЖК, «Компания диг» ЖШС, «Хорошун Т.Н.» ЖК және «Столичный хлеб» ЖШС & «Ассорти Нан» ЖШС-на қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына орай тергеуді бастады.