Елорданың Алматы ауданында 7 балабақша жөнделді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бюджет қаржысы есебінен аумақты абаттандыру мен балабақшаларды күрделі жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. 2014 жылы Алматы ауданында жеті балабақша жөнделіп, абаттандырылды, деп хабарлады astana.kz

Елорданың Алматы ауданында 7 балабақша жөнделді

«Жалпы, бес балабақшада күрделі жөндеуден өткізілді, тағы екеуі «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жөнделді. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді», - деді Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Жүсіпова қалалық мәслихатта өткен комиссия отырысында. Сарыарқа ауданында «Жұмыспен қамту» картасы аясында екі балабақша жөнделді, төртеуі абаттандырылды. Еске салайық, Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде Алматы және Ақмешіт көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды, сондай-ақ жыл соңына дейін жалпы 1260 орынға есептелген бес балабақша мен бір қосымша ғимараттың құрылысы аяқталады. Бұдан басқа, 1960 орынға есептелген сегіз балабақшаны салу жұмыстары жалғасуда.