Елорданың Алматы ауданында көшелерге қосымша 92 жарық беру құрылғысы орнатылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қала тұрғындарының жарық шамдарын орнату туралы өтініштерін ескере отырып, елорданың Алматы ауданында 2012 жылы
None
None

Омаров, Майлин, Пушкин көшелеріне, Балқаш, Толстой, Күлтөбе шолақ көшелеріне және «Байқоңыр» ТК алдындағы автотұраққа барлығы 92 жарық беру құрылғысы орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, тұрғындар мен ауданның ПИК басшыларының өтінімі бойынша, тұрғын үйлердің аулаларына 87 шырағдан орнатылып, энергия үнемдеу үшін фотореле автоматтары ауыстырылды.

Абай даңғылында Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін 22 ескі троллейбус темір бетон бағанасы ауыстырылып, орнына жарық шамдары бар жаңа бағаналар қойылды. Күйші Дина көшесінде Абылай хан даңғылынан Құдайбердіұлы даңғылына дейін көшелер жарықтандырылды.

Ауданның саябақтары мен гүлзарларын электрмен жабдықтау бағдарламасы аясында 520 жарықдиодты шамдар ауыстырылды. Тек бір «Студенттер» саябағына 105 жарықдиодтық шырағдан орнатылды.

Соңғы жаңалықтар