Елорданың Алматы ауданында жаңа - Ақжол көшесі пайда болды
ыздың 25-і. ҚазАқпарат - Елорданың Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметов қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа - Ақжол көшесінің ашылуымен құттықтады.
Бұрын ол көше Угольная көшесі аталып келген. Осынау атаулы оқиғаның құрметіне азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, Ақжол көшесінде орналасқан кәсіпорындардың құнды сыйлықтары ойнатылды, сондай-ақ концерт, викторина және конкурстар ұйымдастырылды.
Бүгінде Ақжол көшесі мүлдем өзгеріп кетті. Жаңа көпірлер, супермаркеттер ашылды. Жаңа көшеде Ақжол деген атына лайықты қызу тіршілік жүріп жатыр.