Елорданың «Астана» спорт кешені саунасында өрт болып, 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Елорданың «Астана» спорт кешені саунасында өрт болып, 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Елорданың «Астана» спорт кешені саунасында өрт болып, 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

«Ақпанның 7-сінде саунаның 8 шаршы метрді құрайтын, іші ағашпен қапталған бөлмесінде өрт болды», делінген баспасөз хабарламасында.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды. Құтқарушылардың ақпараты бойынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.