Елорданың аулаларында футболдан тегін сабақтар өткізіледі
Футбол лагері «Есіл» ауданында Сауран к-сі, 5а, Сарайшық к-сі, 34, сондай-ақ, «Алматы» ауданында Абылай хан даңғылы, 49/3, Жұбанов к-сі, 10 мекен жайлары бойынша жұмыс істейді. Басталуы сағат 15.00. Жаттықтырушылар - Ербол Мұсабаев және Павел Халезов.
«Меніңше балаларға жаттықтырушылармен дайындалған қызық болады. Оларға әр түрлі жаттығулар жасатамыз. Бұл жартылай кәсіби деңгей. Біз балаларды бақылаймыз, деңгейі жоғары және қабілеттілігі бар балалар қалалық футбол орталығына, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жіберіледі», - дейді Павел Халезов.
Қазақстанның футбол федерациясы жас спортшыларды керек-жарақтармен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетейік, жыл соңына дейін тағы да 10 аулада футболдан тегін сабақтар өткізу жоспарланған.