Елорданың автобус парктерін субсидиялау мәселесін шешу керек - Астана LRT
«Бүгінгі күні біздің барлық автобус парктеріміз шығынға батып отыр. Қазіргі кезде қолданыстағы тариф пен субсидияның болмауы одан әрі дамуға мүмкіндік бермей отыр. Соған сәйкес, олар барлығынан үнем жасайды. №1 автобус паркі флагман саналады және онда барлық жүргізушілер мен кондукторлар штатқа кіреді. Оларға барлық салықтар төленіп, шығындары толықтай көрсетіледі. Парк біртінден шығынға батып жатыр. Қазірдің өзінде №1 автобус паркінде айтарлықтай қарыз жинақталып қалды. Басқа да парктерде жағдай осындай. Сондықтан парктер үшін қазір субсидия мәселесін шешпесек, жағдай күрделенеді», - деді ол.
Сонымен қатар, Бекмырза Игенбердинов БАҚ өкілдерінің мәслихат депутаттарының ішінде қалалық автобус паркіне иелік ететіндер бар деген сауалына жауап берді.
«Қазіргі уақытта мәслихат депутаттары автобус парктерінің акционері немесе құрылтайшысы болып табылады деген ақпарат жоқ. Ал мәслихат сессиясы ертең өтеді. Әкімдік қала тұрғындары үшін алаңдайды. Біз жолаушылар ағынының нақты әрі ашық болуы үшін, қалалықтардың әрбір сапары жайлы болуы үшін алаңдаймыз»,- деді басқарма төрағасы.
Айта кетейік, елордада сараланған тариф енгізілген кезде қоғамдық көлікте жол жүру құны көлік картасымен төлеу кезінде 90 теңгені құрайды. Ал қоғамдық көлікті жиі пайдаланбайтын немесе карта алуды қажетсінбейтіндер үшін жол жүру құны 180 теңге болады.
Сонымен қатар автобустарда кондуктор болмайды.