Елорданың азық-түлік белдеуінде 900 астам кәсіпорын жұмыс істейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азық-түлік белдеуі шегінде, соның ішінде Астанада азық-түлік өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласында 916 кәсіпорын жұмыс істейді.
Бұл туралы Астана қаласы әкімінің ресми порталы хабарлады.
Азық-түлік белдеуі аймағынан негізінен ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, бал, жұмыртқа, күнбағыс майы, картоп және көкністер жеткізіледі.
Қала аумағында келесі мекен жайлар бойынша 12 сауда павильоны жұмыс істейді: Сауран к-сі, 4; Интернациональный кенті, Армандастар к-сі, 2; Армандастар к-сі, 13; Железнодорожный кенті, Маяковский к-сі, 2; Сауран к-сі 12/1; Сығанақ к-сі, 5; Ақбидай к-сі, 15; Ш. Айманов к-сі, 9; Абылай хан даңғылы, 49/1; Абылай хана даңғылы 5; Т. Хусейн к-сі, 2/1; Айнакөл к-сі, 56.
Сауда павильондарында тұрақтандыру қорының тауарлары және басқа да әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері төмен бағамен сатылады. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 10 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Бұдан басқа, елордада төмен бағамен тағам өнімдері сатылатын «Шапағат» комуналдық базары жұмыс істейді.