Елорданың балалар психологтары дарынды тәрбиеленушілермен жұмыс істеуді үйренуде
Семинарға елорда мектептерінен 70 және балабақша мен қаланың арнаулы орта оқу орындарынан 30-ға тарта психолог қатысуда.
Орталықтың мәліметі бойынша, семинардың өткізілу мақсаты - дарынды балалардың ой-өрісін дамытуда психологиялық қызметтің тиімділігін көтеріп, мектеп психологтарының кәсіптік деңгейлерін арттыру болып табылады.
«ҰБТ жақындап келеді. Семинар барысында қатысушыларға оқушыларды қорытынды тестілеуге қалай дайындау керектігі айтылады. Біз Қазақстанға танымал психологтар мен мұғалімдерді шақырдық. Олар лекция, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер өткізеді. Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Майра Құнанбаева мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры А. Тынышпаева бар», - деді astana.kz сайтына «Астана-дарыны» РҒТО директоры Майра Құрманбаева.
Оның айтуынша, семинар №50 мектеп базасында өтуде. Қорытындысында барлық қатысушыларға республикалық дәрежедегі сертификаттар берілетін болады.