Елорданың барлық мектептері күрделі жөндеуден өтті

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Астананың барлық мектептерінде (жаңаларынан басқа) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы бүгін Астана қаласының білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы барысында Білім басқармасының жетекшісі Әсима Бимендина мәлім етті, деп хабарлайды astana.kz cайты.

Елорданың барлық мектептері күрделі жөндеуден өтті

Басқарма жетекшісі Астана қаласы білім беру жүйесінің дамуына тоқталды.

«2000 жылы елордада мектепке дейінгі мекемеге 8 мың бала барса, 2013 жылы олардың саны 32 575 құрады. Мұғалімдердің жалақысы 3 есеге көтерілді. Бұдан басқа, қала әкімінің грантын иеленген 50 оқытушыға жалақының 50% көлемінде үстемақы төленеді», - деді ол.

Астаналық түлектердің ҰБТ көрсеткіштері де артқан.

«Биыл ҰБТ бойынша орташа балл 81 құрады, ал 2012 жылы 78 балл болған», - деді Ә. Бимендина.