Елорданың баскетболшы өрендері Қазақстанның чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балқаш қаласында қыздар арасында өткен баскетболдан Қазақстан чемпионатында Астананың намысын №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиленушілері қорғады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

Елорданың баскетболшы өрендері Қазақстанның чемпионы атанды

Жарысқа 2003-2004 және 2005-2006 жылғы туылған ойыншылар қатысты. 2005-2006 ж.т. баскетболшыларымыз ерекше ойын үлгісін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олармен бірге Астана атынан барған 2003-2005 ж.т. ойыншылар 7 команда ішінде 5-ші орыннан көрінді.

2003-2004 жылғы спортшылар санатында Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласының командалары қатысты.

Бұл жас санаты бойынша қорытынды мынадай:

1 орын - Қарағанды облысы

2 орын - ОҚО

3 орын - Ақмола облысы

4 орын - Ақтөбе облысы

5 орын - Астана қаласы

6 орын - БҚО

7 орын - Шымкент қаласы

2005-2006 жылғы баскетболшылар санаты бойынша Астана, Қарағанды 1 және 2 команда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Челябинск қаласының командалары өзара мықтыны анықтады. Финалда Астана мен Қарағанды облысының командалары кездесіп, ойын 57-46 есебімен аяқталды. Осылайша, елорда командасы екінші рет осы жас категориясы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Бұл жас санаты бойынша қорытынды мынадай:

1 орын - Астана қаласы

2 орын - Қарағанды облысы - 1

3 орын - БҚО

4 орын - ОҚО

5 орын - Қарағанды облысы - 2 

6 орын - Челябинск қаласы

Чемпионат қорытындысы бойынша әр жас категориясы бойынша жаттықтырушылардың дауыс беруі арқылы турнирдің ең үздік ойыншылары анықталады. Бұл жолы елорда командасы атынан 5 үздік спортшы қатарына  №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің 3 оқушысы енді.

2003-2004 жылғы баскетболшы өрендер арасында Дарья Богданец үздік ойыншы атанды.

2005-2006 жылғы спортшылар санатында үздік ойыншылар қатарынан Дарья Головина мен Тамила Солсанова көрінді.