Елорданың белсенді жастары Елбасы мақаласына қолдау білдіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше «Егемен Қазақстан» газетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Тарихи маңызды құжатты жастар қызу талқылап, жан-жақты қолдау білдіріп жатыр. ҚазАқпарат елорданың белсенді жастарының пікірін жариялауды жөн көрді.

Елорданың белсенді жастары Елбасы мақаласына қолдау білдіруде

***

Жастардың  болашаққа ұмтылуы  

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  еліміздің идеологиялық жұмыстарына аса мән берілген. Ұлт көшбасшысы өзінің бағдарламалық мақаласында ұлттық рухты көтермейінше ешқандай өркендеудің болмайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, дамыған 30 елдің қатарында ену үшін латын әліпбиіне көшуді ұсынды.

Сонымен қатар, Елбасының 2017 жылғы жолдауында үш тілді білімді басты назарға алынғаны айтылған. Соның ішінде қазақ тілі басымдығы сақталатыны негізге алынған. Мектепте жоғары сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде өтетіні жастардың болашағына оң әсер тигізетіні анық.

         IT білімді дамытуды қос қолдап қолдаймын. Технология үздіксіз даму үстінде. Барлық салада электронды жұмыс істеу - уақыт тиімділігі деп ойлаймын.  Бұл бағдарламалық мақала мен сияқты еліміздің болшағына алаңдайтын жастарға технологиялық заманауи дамудың және де болашағымыз еңбек арқылы жарқын болатына сенім білдіреді.

Ақтоты Абимолдаева - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті физика-техникалық факультеті  ядролық физика мамандығының магистранты

  

***

«Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміз жан-жақты дамуда, және ендігісі ұлттық санамызды қолға алу. Болашақта елімізде одан әрі ойлы, заманауи жастар болатынына сенемін. Жастар қолдайтын осындай жоспар-бағдарларымыз көп болғай»

Таир Таскали Тлекулы

"Жас Отан" ЖҚ Астана қалалық «Нұр» филиалының төрағасы

***

«Елбасымыздың алға қойған саяси және экономикалық  реформаларын тиімді жүзеге асырудың арқасында елімізді тұрақтылық пен мәдени - рухани өрлеу күтіп тұрғанына сенімдімін. Біздің жастарымыздың білімге деген ұмтылысын халықаралық деңгейдегі жарыстарда ат салысып жүргенінен байқауға болады, яғни жастарымыздың әлеуеті  мықты»

Ардақ Жүсіпова

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының бас маманы

***

Елбасымыз атап көрсеткендей алдымызда тұрған жаңа тарих кезеңі бұлыңғыр. Сол бұлыңғырлықты айқындау үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына қарай жаңа дәуірдің жағымды жақтарымен санамызды рухани жаңғыртып отыруымыз қажет екендігі сөзсіз. Мемлекет басшысы санамызды заманның ағымына қарай жаңғыртып отырудың бірнеше бағытын атап өтті. Солардың бірі бәсекелестік қабілетті дамыту. Әлемдік нарықта түрлі салада  сапалы озық әрі ұтымды дүние ұсына алу - бәсекелестік қабілеттіліктің негізі. Әр заманның өзіндік ағымы болады. Қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлау бойынша жүргізіліп жатқан «Цифрлі Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» секілді бағдарламалардың жүзеге асырылуы, еліміздің болашаққа деген айқын бағдары екендігіне сенім білдіреміз. Бірлігі мықты елдің халқы ретінде мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосуға атсалысайық!

С. Тұрапбай, жас маман.