Елорданың бір шағынауданы толығымен жарықсыз қалды

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - Жөндеу жұмыстары барысында электр кабелінің зақымдануы салдарынан елорданың 6-шы ықшамауданы жарықсыз қалды. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.

Елорданың бір шағынауданы толығымен жарықсыз қалды

Өндірістік апат өткен жұма күні кешкі сағат 8-де орын алған. Электрмен жабдықтау сенбі күні түнгі сағат 3-те толығымен қалпына келтірілді. Төтенше жағдайды жоюға «Қалалық электр желісі» АҚ-ның апаттық бригадасы жұмылдырылды.