Елорданың бірқатар көшелерінде ауыз су беру тоқтатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 тамызда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Құсжолы және Бектау көшелері бойынша Д=100мм су құбырында желілерді хлорлау бойынша жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты Ақжелкен, Қарағайлы, Сартөбек, Үшқоңыр, Матросов, Кеңшалғын, Шаған қиылысы, Ақпан қиылысы сияқты көшелердің жеке секторларында орналасқан тұрғын үй нысандары ауыз судан ажыратылады.