Елорданың бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылды - Астана қалалық ІІД ЖПБ

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін жол жөндеу жұмыстарының басталуына орай елорданың бірқатар көшесінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл ақпаратты Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратып отыр.
None
None

Атап айтқанда, бүгін Сейфуллин көшесінің бойы асфальттауға дайындық жүргізілуіне орай көліктердің қозғалысына Республика даңғылынан Айманов көшесіне дейін жартылай шектелді. Сонымен қатар жиек тастардың орнатылуына байланысты Сейфуллин көшесі Жеңіс даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін жартылай жабылды.

Сығанақ көшесінде де М-3 көпірге дейін және Қабанбай батыр даңғылына дейін жартылай шектеу қойылды. ЖПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған көше бойында мүгедектерге арналған жолдар жасау жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар