Елорданың бірқатар үйлері жарты күн сусыз отырды

АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Елорданың Алматы ауданындағы Ғабдуллин көшесі бойында, таңертең құбырдың тозуы салдарынан диаметрі 300 милиметрлік су құбыры жарылды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Апат салдарынан Ғабдуллин, Тархан көшелеріндегі бірқатар үйлер және Республика даңғылы мен Иманов көшелерінде орналасқан екі үй сусыз қалды.

ТЖМ баспасөз қызметінің атап өтуінше, түнде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, сумен жабдықтау қалпына келтірілген.

Төтенше жағдайдың алдын алуға «Астана су арнасы» МКК-ның апаттық бригадасының 10 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар