Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы оқушының өліміне қатысты түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы №59 мектеп-лицейінің 14 жастағы оқушысының өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, №59 мектептен «103» нөміріне шақырту 30 қараша күні 12 сағат 19 минутта түскен. Сағат 12.20-да кардиологиялық бригадаға хабар берілді. 12 сағат 32 минутта дереу жүрек-өкпе реанимациясы жасала басталған, бірақ ол нәтижесін бермеді. «Белгісіз себептен болған биологиялық өлім белгіленді», - деп хабарланды басқармадан.

Айта кетейік, бұған дейін астаналық оқушының өлімі жайында Білім басқармасы мен ІІД түсінік берген болатын.

«ҚазАқпарат» агенттігі осыған дейін хабарлағандай, №59 мектеп-лицейінің 14 жастағы оқушысының табанасты көз жұму фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.  

Соңғы жаңалықтар