Елорданың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мейірбикелер штатын кеңейтуді сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мейірбикелер штатын кеңейтуді сұрап отыр. Бұл туралы бүгін биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Мейірбикелік істі дамыту бойынша үйлестіруші кеңестің отырысында Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы мейірбикелік іс бойынша бас маман Мажан Тұңғышбаева мәлім етті.
None
None

«2015 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша орта медициналық қызметкерлердің санына тоқталатын болсақ, 5 705 әйел, 368 ер қызметкер бар. Дәрігерлердің мейірбикелерге шаққандағы арасалмағы бір дәрігерге 1,8 мейірбикеден келіп отыр», - деді М. Тұңғышбаева.

Оның сөзінше, егер де әлемдік статистикаға сүйенсек, Жапонияда бұл көрсеткіш бір дәрігерге 9 мейірбике, Түркияда және Италиядар бір дәрігерге бес мейірбикеден келеді.

«Осы тұрғыда тиісті нәтижені шығаруға болады. Бұндай көрсеткішпен мейірбикелік істі реформалау мүмкін болмайды. Бізге штат кестесін өзгерту қажет», - деді М. Тұңғышбаева.

Соңғы жаңалықтар
Референдум