Елорданың Есіл ауданында заңсыз сауда жасағандар 1,5 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық полицейлер стихиялық саудаға жол бермеу мақсатында рейд жүргізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Маусым басталғалы заңсыз сауда жасағаны үшін 204-баптың 1-бөлігіне сәйкес (белгіленбеген орында сауда жасау) уәкілетті орган қызметкерлері 1 424 295 теңге сомасына 398 хаттама толтырды (Есіл ауданы бойынша). Стихиялық саудаға жол бермеу бойынша рейдтер жалғасып жатыр», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ҚазАқпарат жолдаған сауалға берген жауабында.

Ресми ақпаратта айтылғандай, «Есіл» ауданы әкімінің аппараты «Ботаникалық бақ» аумағында кәсіпкерлік қызмет атқаруға рұқсат бере алмайды.

«Өз қызметін ұсынғысы келетіндерге кәсіпкерлік бөлімі баламалы нұсқаларды нұсқай алады. Стихиялық сауда фактілерінің жолын кесу мақсатында Есіл ауданының әкімдігі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Ботаникалық бақ» аумағында күнделікті рейд өткізеді», - дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар