Елорданың «Есіл» ауданының құрылғанына 1 жыл толуына орай салтанатты жиналыс өтеді
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Ертең, тамыздың 5-інде Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімдігінің ғимаратында елорданың жаңа ауданының құрылғанына 1 жыл толуына орай салтанатты жиналыс өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында аудан әкімі Қайрат Жаңабергенов ауданның дамуына зор үлес қосып, қоғамдық өміріне белсене араласып келе жатқан мекемелер мен ұйымдардың ұжымына алғыс хат тапсырады.
«Есіл» ауданы 2008 жылы тамыздың 5-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылып, сол жылы қарашаның 5-інде өз жұмысына кіріскен болатын. Жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің құрамына «Алматы» мен «Сарыарқа» аудандарының жалпы аумағы 31 мың гектардан асатын жері кірді. Қаланың жаңа ауданы түгелдей Есілдің сол жағалуында орналасқан.