19:24, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Елорданың ескі орталық алаңына орнатылған Жаңа жыл шыршасының шамдары жағылды
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Сарыарқа ауданының әкімі Сабилә Мұстафинаның қатысуымен Астана қаласының ескі орталық алаңына орнатылған Жаңа жыл шыршасының шамдары салтанатты түрде жағылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
С.Мұстафина елорда тұрғындары мен оның кішкентай бүлдіршіндерін алдағы Жаңа жылмен құттықтап, мерекелік шырша шамдарын салтанатты түрде жағу - жас Астана үшін игі дәстүрге айналғандығын атап өтті.
Іс-шара барысында «Аяз атаға менің сыйлығым» атты қалалық байқаудың 30 жеңімпазы өз қолдарымен жасаған түрлі ойыншықтарды ауданның бас шыршасына ілді. Әкімнің айтуынша, байқау жас елордалықтар арасында жыл санап танымалдылыққа ие болып келеді. Себебі биыл оған қатысушылардың саны 100-ге жуықтаған.
Жаңажылдық шыршаны жағу рәсімі дәстүр бойынша Аяз ата мен Ақшақардың, ертегі кейіпкерлері мен кішкентай бүлдіршіндердің қатысуымен өтті.