Елорданың Халыққа қызмет көрсету орталығы мерекелік шара ұйымдастырды
АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласының №1 халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) өз клиенттеріне арнап концерт өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мерекелік шараны ХҚО қызметкерлері Орыс драма театрымен бірігіп ұйымдастырып отыр. Аталмыш театр әртістерге қазақ ұлттық киімдерін ұсынды. «Біз қаржы дағдарысына алаңдаған жандардың көңілін көтеруге септеспекпіз. Бүгінгі концертімізбен ХҚО-ға келген әрбір клиентімізге мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді», - дейді аталмыш орталықтың директоры Раушан Абалова.