Елорданың іргелес ауылдары электр қуатымен толық қамтылуы тиіс ? С. Жалмағамбетова

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елорданың іргелес ауылдары электр қуатымен толық қамтылуы тиіс.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысына сауал жолдаған сенатор Светлана Жалмағамбетова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Елорданың қарқынды дамуы тек қаладағы халық санына ғана емес, қала маңындағы ауылдардың дамуына да байланысты екендігі белгілі. Соңғы үш жылда жеке құрылыстар үшін Астана маңындағы Талапкер, Қосшы, Қоянды, Қараөткел ауылдарына 3 мың 736 жер телімдері берілген екен. Осылайша, аталған ауылдар бұрынғы қалыптарынан 5-6 есеге өсті. Бірақ, халық санының көбеюіне қарамастан ондағы әлеуметтік мәселелер шешімін таппай отыр. Мәселен, егер елордада күшті қарқынмен мектептер, балабақша, аурухана нысандары салынып отырса, бас қаламыздың іргесіндегі бұл ауылдарда су жоқ, тіпті электрдің өзі кемшін. Салынған және салынып жатқан құрылыс нысандарының 90 пайызы энергия қуатымен жабдықталмаған», - деді сенатор. Оның айтуынша, бұл мәселе әлденеше рет көтеріліп, бірқатар проблемалар облыстық бюджет арқылы шешімін таппақ көрінеді. Бірақ, онда да мәселе толық шешілмейтін түрі бар. «Сондықтан да, дағдарысқа қарсы бағдарламаға қамтылатын нысандар тізбесіне Қоянды, Қараөткел, Талапкер ауылдарын жеке электрмен қамту стансыларын салу жоспарын енгізу қажет. Бұдан басқа осы ауылдарда мектептер мен ауруханалар да тұрғызылуы тиіс», - деді С. Жалмағамбетова.
Соңғы жаңалықтар