Елорданың ірі сауда орталықтарындағы мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық жиын өткізді. Күн тәртібінде үлескерлер мәселесін шешу, елордада бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау, қалалық супермаркеттерде қызмет көрсету жүйесін жақсарту және қаладағы санитарлық жағдайды бақылау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аппараттық жиын барысында қалалық супермаркеттердегі тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі талқыланды. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан аталмыш сауда орындарындағы қызмет көрсету мен сол мекемелер деңгейінің төмендігіне көп сын айтылады. - Елорда дүкендерінде қандай жағдайларға тап болғандары туралы тұрғындардың наразылықтары мен шағымдары өте көп, - деді қала басшысы. Одан өзге, астаналықтар супермаркеттердегі есеп айырысатын кассалардың жеткілікті болғанына қарамастан, олардың тек екі-үшеуі ғана жұмыс істейтіндігіне наразы. Ал бұл жағдай ұзын-сонар кезекке алып келеді. Қала басшысы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге қаладағы ірі сауда орталықтары иелерімен аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмысты жүргізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар