Елорданың қақ ортасында көлік аударылып, бір адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Республикасы даңғылында көлік аударылып, ішіндегі жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елорданың қақ ортасында көлік аударылып, бір адам көз жұмды

«5 қазан күні сағат 02:10 шамасында «Toyota Estima» маркалы автокөлікпен Республика даңғылында келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, темір қоршауға соқтығысқан. Осыдан кейін көлік аударылып қалған», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған көліктегі жолаушының жан тапсырғаны хабарланып отыр. Көлік жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Аталмыш факт бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.