Елорданың кәріз коллекторлары құрылысына 6,75 млрд. теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың кәріз коллекторлары құрылысына 6,75 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін «Су тартудың өзекті мәселелері: Ағынды суларды тазарту. Нөсер және дренажды кәріз» тақырыбындағы халықаралық конференцияда Астана қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Закарьянов мәлім етті.

Елорданың кәріз коллекторлары құрылысына 6,75 млрд. теңге бөлінді

«Бізде 2020 жылға дейінгі бағдарлама болған еді. Қазіргі уақытта ол 1 жылға ысырылды. Өйткені, шілде айындағы нөсер жауындар проблеманы күрделендіріп жіберді. Бүгін ғана Үкімет отырысында нөсер кәріздері нысандарының құрылысын қаржыландыру мәселесі қаралды. Біз қазіргі уақытта қалада орын алып отырған бұл проблеманы толық шешуге қажет қаржымен қамтамасыз етеміз», - деді ол.

Оның айтуынша, қаланың барлық дерлік аумағынан суды айдап шығуды қамтамасыз ететін барлық қажетті нысандардың тізілімі әзірленген. Сонымен бірге осы жылдан бастап іске қосылатын бағдарлама да дайын.

«Жұмыстар 2017-2018 жылдары жалғасады және 2018 жылдың соңында бұл проблема жойылуы тиіс. Ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында кәріз коллекторларының құрылысына 6,75 млрд. теңге бөлінді», - деп атап өтті Т. Закарьянов.