Елорданың қаржы полициясы 5 айда 20 жемқорлық қылмысты анықтады, келтірілген зиян сомасы - 1,5 млрд. теңге

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Елорданың қаржы полициясы 5 айда 20 жемқорлық қылмысты анықтады, келтірілген зиян сомасы 1,5 млрд. теңге.
None
None

Бұл ақпаратты Астана қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр.

«Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы Департаментімен 20 жемқорлық қылмыстары анықталды. Олардың 5-уі бойынша қылмыстық істер сотқа тапсырылды»,-  делінген хабарламада.

Анықталған жемқорлық фактілерінің 7-еуі қызмет өкілеттігін теріс пайдаланумен, 7-еуі - пара алумен, 3-еуі - бюджет қаражаттарын жымқырумен, 1-еуі билікті асыра пайдалану, қызметтiк жалғандық жасау және әрекетсіздікпен байланысты.

Жемқорлық қылмыстары бойынша анықталған зиян сомасы 1,5 млрд.теңгеден асып отыр.

Соңғы жаңалықтар