Елорданың ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары қылмыскерлерді өз мақсатына пайдаланғаны үшін істі болды

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Астана қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Б.Мейрамбековке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.
None
None

Бұл ақпаратты Астана қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствода өткен брифингте көрсетілген бейнематериалда Мейрамбековтің қызмет бабының шегінен шыға отырып, өзіне тиесілі құрылыс материалдарын жеткізіп салу үшін қызметтік автокөлікті және 2 қылмыстық сотталғандарды бөлу туралы қол астындағыларына нұсқау береді. Жүргізуші қызметтік автокөлікпен 2 сотталушыны Мейрамбековтің тұратын мекен-жайына апарды. Ол жерде соңғының нұсқауымен құрылыс материалдары (есіктер мен терезелер) тиеліп, Ильинка елді мекеніне жеткізілді.

Осылайша, Мейрамбеков, құқық қорғау органының басшысы бола тұра, заңсыз мемлекеттік көлікті өзінің жеке мақсаттарында қолданды және түзету мекемесінен қылмыстық сотталғандарды заңсыз шығарып жұмысқа  пайдаланды.

Сонымен қатар, Мейрамбеков түзету мекемесіне жұмысқа орналастыру үшін 100 мың теңге сомасында пара алғандығы үшін де айыпталып отыр.

Соңғы жаңалықтар