Елорданың кейбір аудандары ыстық судан ажыратылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың кейбір аудандарында тұрғын үйлерді ыстық су беруден жоспарлы ажырату жүзеге асырылады. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады, делінген елорда әкімінің ресми сайтында.
Таратылған хабарламаға сәйкес, сағат 9.00-18.00 келесі мекенжайлар бойынша орналасқан тұрғын үйлерде ыстық су беру тоқтатылады: Абай даңғылы 66, Кравцов к-сі 6, Жұбанов к-сі 3/2, Пушкин к-сі 3/1, Есенберлин к-сі 18,20, Т.Хусейн к-сі 1а, 11, 13, 13/1, 13/2, 15, 15/1, 15/2. Ал Бейбітшілік к-сі 36 тұрғын үйінде сағат 9.00-20.00 аралығында, Тәуелсіздік даңғылы 57, Қалдаяқов к-сі 1, 11, 13, Нәжімеденов к-сі 10, 10/1, 10/2, 10/3, 10/4, 10/5 мекенжайлары бойынша сағат 3.00-тен 24.00-ге дейін ыстық су болмайды. «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлауынша, елорда тұрғындары бұл мәселеге қатысты 792-160, 771-211, 771-216, 771-200 телефондары бойынша анықтама ала алады.