Елорданың кейбір көшелерінде бүгін көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың кейбір көшелерінде автожолдардағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасынан мәлім етті.

Елорданың кейбір көшелерінде бүгін көлік қозғалысы шектелді

Көлік қозғалысы мына жол телімдерінде шектеледі:

  • Орынбор көшесінде Қонаев көшесінен М-2 көпіріне дейін - жолдың сол жағына асфальт төсеу;
  • Қорғалжын тас жолы бойында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейін;
  • Конституция көшесінде Бейсекова көшесінен көпірге дейін - асфальт төсеп, жолды жаңарту;
  • Циолковский көшесінде Абай даңғылынан Жиенқұлова көшесіне дейін жол телімін толық жабу.

Сонымен қатар, 1 шілдеге дейін жол телімдері толық жабылып:

• Есенберлин көшесі, Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін

• Мәскеу көшесі, Республика даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін

• Жангелдин көшесі, Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін жаңартылады.

Сондай-ақ, жол белгілерін жүргізу жұмыстары келесі бағыттарда:

• Сейфуллин көшесінде, Сарыарқа даңғылынан Сембинов көшесіне дейін

• Бөкейхан көшесінде Абай даңғылынан Интернационал көшесіне дейін

• Ақмола көшесінде

• Абай даңғылында Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін

• Мүсірепов көшесінде Абай даңғылынан Махтұмқұл көшесіне дейін жүзеге асырылады.

ІІД Жол полициясы басқармасы кептеліс жағдайларына тап болмас үшін қозғалыс бағытын алдын-ала жоспарлауды ұсынады.