Елорданың қоқыс өңдейтін зауыты қыркүйектің ортасында іске қосылады

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың қоқыс өңдейтін зауыты ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте іске қосылады. Бұл туралы бүгін Елбасының қатысуымен өткен Астананың келешектегі дамуы мәселесіне арналған кеңесте қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Елорданың қоқыс өңдейтін зауыты қыркүйектің ортасында іске қосылады

Қала басшысының алға тартқан деректеріне сәйкес, құрылыс 88 пайызға салынып біткен. Келесі аптадан бастап құрал-жабдықтарды құрастыру жұмыстары қолға алынады.

«Ең зиянды қоқыстар - пластик пакеттер мен пластмасса бұйымдар. Мәдениеті дамыған қалаларда қалдықтарды ұсақтайтын құрылғылар бар және арнайы ыдыстар тұрады. Олардың біріне шыны, келесісіне пластик, үшіншісіне темір заттары салынады. Міне, жұмысты осыдан бастау керек, халықты жақсы әдетке үйрету қажет», - деп атап өтті Астананың келешектегі дамуы мәселесіне арналған бүгінгі кеңесте Мемлекет басшысы.