Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде. Қалала қыс басталғаннан бері 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде

«25-26 қаңтарға қараған түні Астанадан қар полигондарына 16 мың текше метрден астам қар немесе 1 274 рейс шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері Астанадан 2,6 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 212 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең», - делінген әкімдік хабарламасында.


Фото: gov.kz