Елорданың құрылыс алаңдарының бірінде оқтұмсық табылды - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Астанада сәрсенбі күні кеше Тельман кенті ауданындағы «Town house» компаниясының құрылыс алаңында оқтұмсық табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Сағат 19.13-те Ішкі істер департаментінің пультіне құрылыс алаңында оқтұмсықтың табылғаны туралы анонимді қоңырау түсті.
Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында табылған заттың жаттығуға арналған оқтұмсық екені анықталды.
Оқтұмсықты жою үшін Қорғаныс министрлігінің саперлары өздерімен алып кетті.