Елорданың күш құрылымдары терроризмге қарсы оқу-жаттығуларын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО Антитеррор» жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығуы аяқталды. Елорданың терроризммен күрес жөніндегі жедел штабының қызметтері Астананың үш нысаны «Есіл» ауданының ІІБ ғимаратының маңында, «Сапаржай» автовокзалында және «Астана Арена» стадионында террористік қауіп туындаған жағдайдағы іс-қимылдарын пысықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорданың күш құрылымдары терроризмге қарсы оқу-жаттығуларын аяқтады

 Оқу-жаттығуға жалпы саны 1176 адам мен 156 техника тартылды.

Шараның мақсаты - «Астана ЭКСПО 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде елордада террористік қауіп туындаған жағдайда өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтау.

Тартылған бөлімшелер алдыға қойылған міндеттерді орындай алды.