Елорданың мәдени-демалыс орындарында халық серуені жалғасуда

АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана күнін атап өту аясында Конгресс-Холл сарайының аумағынан орын тепкен «Миллениум» саябағында экстремалдық иогтар өнер көрсетіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астананың 11 жылдығын атап өту шеңберінде бүгін екінші күн қатарынан қаланың мәдени-демалыс орындарда жалпыхалықтық серуен өтіп жатыр. Гүлбақтары мен саябақтарда демалушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін кішігірім сахналар орнатылып, онда жастар мен бүлдіршіндерден құралған шығармашылық ұжымдар өнерлерін ортаға салуда. Солардың бірі «Милениум» саябағында өтіп жатыр.

Мұнда жас жеткіншектер елордалықтар мен қала қонақтарының назарына қазіргі ағымдағы би және музыка әуендерін ұсынуда. Мәселен, 30-дан астам адамнан құралған 10 топ өзара рэп биінен жарысса, 15-тен астам қыз брэйк-данс биіне бейімділіктерін көрсетті. Сондай-ақ, эсктрим иог өнерін меңгерген қос жұптың көрсеткен акробатикалық әсерлі қимылдары, денеге пышақ салу, шыны сынықтарымен жүру айла-әрекеттері көрермендерді бей-жай қалдырмады. Бойжеткен қыздың ұсынған отты-шоу қойлыымы да осындай тамаша әсер сыйлады.

Бағдарлама кешқұрым «5-ый угол», «Зеркало», «Парфюмеры», «Crash Тest» сынды рок-топтардың концертімен жалғасады. Кішкентай көрермендердің көңілін сайқымазақтар мен алып қуыршақтар көтеретін болады.

Соңғы жаңалықтар