Елорданың мас тұрғыны бірнеше көліктің дөңгелегін жарып кеткен
«Елордалық полицейлер ізін суытпай 22 жастағы жігітті ұстады. Ол аулада тұрған автокөліктердің дөңгелегін жарды деп күдікке ілінді», - делінген департаменттің хабарламасында.
Бұзақылық жасағаннан кейін жігіт алысқа кете алмапты. Алматы аудандық қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері камера арқылы күдіктінің ізіне түскен.
Анықталғандай, ұсталған адам өзінің танысымен ішімдік ішкен. Сосын үйіне бара жатып, себепсізден себепсіз жол шеті мен тұрақта тұрған көліктердің дөңгелегін тесіп кеткен. Бас-аяғы 7 автокөліктің дөңгелегі жарылғаны белгілі болып отыр.
«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұрын жасалған басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз», - делінген ведомствоның хабарламасында.