Елорданың негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,8% өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бойынша Астанада қаржы орталығы құрылатын болады. ТМД мемлекеттері мен барша Орталық Азия аймағындағы қаржылық хаб елордада орналаспақ, деп хабарлайды astana.kz.
None
None

Астана қаласы Статисстика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 270646,8 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,8% артық. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,1%-ды құрады.

Инвестициялардың басым үлесі жеке меншіктегі кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 70,1% құрайды.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты - 29,8%, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты - 52,7%, банк несиелері - 5,5%, басқа қарыз қаражаттары - 12%.

Соңғы жаңалықтар