Елорданың негізгі көшелеріндегі үйлер бірнеше сағатқа сусыз қалды

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні түнде насостық-фильтрлік стансаның диаметрі 400 мм-лік қоғалтқышының ақаулы болуы салдарынан Астананың негізгі көшелерінде орналасқан үйлерді сумен жабдықтау жүйесі ажыратылды.

Елорданың негізгі көшелеріндегі үйлер бірнеше сағатқа сусыз қалды

Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.

Атап айтқанда, Иманов, Кенесары, Фурманов, Сейфуллин, Уәлиханов көшелеріндегі, Абай, Республика, Бөгенбай батыр даңғылдарындағы және «Молодежный» шағын ауданындағы үйлер бірнеше сағатқа сусыз қалды. Дегенмен таңғы сағат 3-те сумен жабдықтау жүйесі толығымен қалпына келтірілді.

Төтенше жағдайдың алдын алуға «Астана су арнасы» МКК-нің 10 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.