Елорданың он көше қиылысында жол ережесін бұзу оқиғасын тіркейтін құрылғы орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың көліктер жылдам жүретін 10 магистральдық қиылысында жол қозғалысы ережелерін бұзу сәттерін фото мен видеоға түсіру құрылғылары орнатылды, деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елорданың он көше қиылысында жол ережесін бұзу оқиғасын тіркейтін құрылғы орнатылды

Атап айтқанда мына көшелердің қиылысында:

- Сауран көшесі мен Достық көшесі;

- Сарайшық көшесі мен Түркістан көшесі;

- Орынбор көшесі мен Керей және Жәнібек хандар көшесі;

- Алматы көшесі мен Қабанбай батыр көшесі;

- Тұран және Қонаев көшесі;

- Қабанбай батыр даңғылы мен Керей және Жәнібек хандар көшесі;

- Күмісбеков көшесі мен Сейфуллин көшесі;

- Пушкин көшесі мен Абай даңғылы;

- Кенесары көшесі мен Республика даңғылы;

- Жұмабаев көшесі мен Аршын көшесі (Айнакөл) жол ережесінің сақталуын қадағалайтын құрылғылар жұмыс істейді.

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жол қауіпсіздігін бақылау саласындағы осы технологиялар «Астана қаласының тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» жобасын жүзеге асыру аясында қарастырылған.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша фото мен бейнеге түсіру жүйесімен 400-ге жуық бұзушылық (жылдамдықты шамадан тыс арттыру, бағдаршамның қызыл шамына өту және тоқтау сызығынан асып тоқтау) анықталды.

Жалпы, 2017 жылға дейін жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын фото мен бейнеге түсіру жүйесі 350 қиылысқа орнатылмақ.