Елорданың Сарыарқа ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ашылды

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Сарыарқа ауданының тұрғындары енді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында кезекте тұрмайды.

Елорданың Сарыарқа ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ашылды

Себебі, Желтоқсан 43 көшесінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ашылды. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтына аудан әкімдігінен хабарлады.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап Есіл ауданының тұрғындары да Достық 13 көшесінде ашылған «Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі аудандық бөлімге барып жүр.

Ведомствоның хабарлауынша, күн сайын басқармаға келетін 400-450 адамға 39 қызмет түрі көрсетіледі. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимараты Ш. Иманбаева 16 мекен-жайына орналасқан.