Елорданың «Шанхай» базарындағы дәмханада өрт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Шанхай» базарындағы дәмханада кеше, 8 ақпанда сағат 22.38-де өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Тілсіз жау 23.36-да ауыздықталды. Өрт аумағы 60 маршы метр жерді қамтыды. Ешкім зардап шеккен жоқ.