Елорданың шұғыл әрекет ету қызметі Ақбұлақ өзені жағалауынан жарылғыш зат іздеді

ТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Кеше таңертең «102» пультіне елорданың Алматы ауданында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында жарылғышқа ұқсас заттың табылғандығы туралы анонимді ақпарат түскен.

Елорданың шұғыл әрекет ету қызметі Ақбұлақ өзені жағалауынан жарылғыш зат іздеді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдайдың алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 11 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.