Елорданың шұғыл-жастар отряды 130-дан астам құқықбұзушылықты анықтады

Іс-шараға Еуразия ұлттық университетінің, Агротехникалық университеттің, Қазақстанның технология және бизнес университетінің, қаладағы басқа да жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Кездесу кезінде жоғары ынтымақтастық және жоғары оқу орындары студенттерінен шұғыл-жастар отрядтарын құру мәселелері талқыланды.
Бүгінгі күні қалада құрамында 62 мүшесі бар Еуразия ұлттық университеті мен Агротехникалық университеттің 2 шұғыл-жастар отряды жұмыс істейді. Олардың көмегімен 130-дан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ШЖО мүшелері 930 мың теңге көлемінде (әрқайсына 15 мың теңгеден) ақшалай сыйақыға ие болды.
Сонымен қатар, кездесу кезінде шұғыл-жастар отрядының 10 жаңа мүшесіне полицияның қоғамдық көмекшісі куәлігі тапсырылды.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене қатысқаны үшін екі шұғыл-жастар отряды жасақталған Еуразия және Агротехникалық университеттің ректорларына алғыс хат тапсырылды.
Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, шұғыл-жастар отрядтары полицияның учаскелік инспекторларымен бірге студенттер арасында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырып, жоғары оқу орындары мен жатақханалары аумағында мәдени іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалайды.