Елорданың сол жағалауында көлік өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Көрме» көрме орталығынының маңайында, сол жағалауда «Volkswagen Passat» маркілі көлігі өртенді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінен хабарланды.

Елорданың сол жағалауында көлік өртенді

«Көрме» көрме орталығының маңайында 101 нөміріне хабарлама келіп түсті. Осы уақытта автомобильдегі өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себеп-салдарын инспектор анықтайды»,-деді кезекшілік-диспетчерлік қызмет өкілдері.