Елорданың сол жағалауында қосымша 5 модульді дәретхана орнатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат Елорданың сол жағалауында қосымша 5 модульді дәретхана орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жария етілген ақпаратқа сәйкес, қоғамдық дәретханалар «Ғашықтар саябағында», елорда саябағында және «Астана-Бәйтерек» монументі маңында ашылады.
Мұнан бөлек, қазірдің өзінде Есіл аудандық әкімдігі мұндай модульді дәретханаларды «Арай» саябағында орнатып, Сулы жасыл желектегі стационарлық дәретханаға жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Айта кетерлігі, барлық дәретхана жылдың 4 мезгілінде де жұмыс істейтін болады.
